Елбасы демалысын аяқтап қызметке кірісті
Дүйсенбі, 28-шілдеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев демалысын аяқтап қызметке кірісті. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады. |
Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, тамыздың 1 мен 2-жұлдызында Н.Назарбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс бабындағы сапармен барып, онда Қарашығанақ газконденсаты кенішін аралайды. Сондай-ақ, сапар барысында Елбасы ауыл тұрғындарымен және Батыс Қазақстан облыстық агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлерімен бірқатар кездесулер өткізеді деп межеленген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін