Елбасы Димашпен кездесіп, өз батасын берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Димашпен кездесіп, өз батасын берді

Елбасы Димашпен кездесіп, өз батасын берді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Димаш Құдайбергенмен кездесіп, өз батасын берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  Елбасы Қа

  • 26 Сәуiр 2017
  • 712
Фото - Caravan.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Димаш Құдайбергенмен кездесіп, өз батасын берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясына сәл кешігіп қалды. 

"Димаш Құдайберген деген баламызды қабылдап, батамды беріп, кешігіп қалдым сіздерге", — деді Мемлекет басшысы.  "Батамды бергенмен бірге, қазақ деген халық өте жақсы көргеннен құшағына қысып, өлтіріп жіберуі мүмкін. Содан байқа дедім", — деді Назарбаев. 

Қазақ әншісі Димаш Құдайберген "Singer-2017" байқауы барысында Қытайда аса танымал болды. Үш айға созылған ән додасында Димаш 14 кезеңді сәтті бағындырып, екінші орын алды. Байқау барысында ол бірнеше марапатқа ие болды. 17th Top China Music Awards" шарасында "Халықаралық деңгейдегі танымал әнші" жүлдесін иеленді. Сондай-ақ Азиядағы ең беделді China Top music Awards сыйлығының "Азияның ең танымал әншісі" номинациясында жеңіске жеткен болатын.



 

Соңғы жаңалықтар