Жарияланды: 1500

Елбасы домбырада шебер ойнайтынын көрсетті (видео)

Елбасы домбырада шебер ойнайтынын көрсетті (видео)

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы «Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығына» өз домбырасын сыйға тартты, деп жазады Stan.kz.

Аталған орталықта болған кезінде елбасы домбыра шертіп, қазақтың көне аспабында ойнай алатынын көрсетті. Осы сәт түсірілген видео Ақорданың баспасөз қызметінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығына» әйгілі күйші Дина Нұрпейісоваға арналған «Дала әуендері» атты мүсінді де қоса тарту етті.

Аталған орталықта Ықылас атындағы халық аспаптары музейі, Қастеев атындағы мемлекеттік музей, Алматы қаласының тарих музейі, сондай-ақ мемлекеттік мұрағаттар қорынан алынған қазақ өнерінің көрнекті қайраткерлерінің бірегей аспаптары көрермендер назарына ұсынылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін