Елбасы дүниежүзілік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайына қатысушыларды қабылдауда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы дүниежүзілік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайына қатысушыларды қабылдауда

Елбасы дүниежүзілік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайына қатысушыларды қабылдауда

Бүгін, 22-қыркүйекте Елордадағы сарайында прзидент Нұрсұлтан Назарбаев ертең Астанада ашылатын дүниежүзілік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайына қатысушыларды қабылдауда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Қыркүйек 2003
  • 757
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Сауд Арабиясы Королінің арнаулы өкілі, Сауд Арабиясы Корольдығының әділет министрі Абдулла Бен Мухаммад бин Ибрагим Әль Аш-Шейхты, Ватикан делегациясының жетекшісі Кардинал Йозеф Томконы қабылдайды. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Дүниежүзілік Ислам Лигасының бас хатшысы Шейх Абдулла Бен Абдель Мухсин Аль-Турки (Сауд Арабиясы), «Индология және дінаралық диалог мәселелерін зерттеу жөніндегі институт » төрағасы Шантилал Карамши Сомайя (Үндістан), Қытай буддистік қоғамы төрағасының орынбасары Цзямуян Лосанцзюмэй Туданьцюсдиним , Бүкілқытайлық даосистік қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары Цжан Цзиюй мырзалармен жүздеседі. Сондай-ақ, мемлекет басшысы Жапония синтоистік шіркеулер бас басқармасының директоры Минору Сонода, Епископ Кройдон Николас Бэйнс, Кентерберий Архиепископының экуменизм мәселесі жөніндегі хатшысы Конон Джонатан Робин Бланнинг Гауф (Лондон), АҚШ дін және қоғамдық саясат институтының президенті К.Грибоски мырзаларды қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар