Елбасы елшілердің саны мен сапасын сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы елшілердің саны мен сапасын сынға алды

Елбасы елшілердің саны мен сапасын сынға алды

Қазақстанның мүддесі бар елде  ғана Елшілік қажет. Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан  ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

  • 18 Қараша 2015
  • 615
Фото - Caravan.kz

Елбасы өз сөзінде елімізге инвестиция тарту мәселесімен айналысатын бір адам болуы керектігін, қажет болса, оған арнайы мәртебе беру қажеттігін атап өтті.

«Сыртқы істер министрлігі онсыз да осымен айналысуы тиіс. Басқа немен айналыспақ? Біз әлемдік саясат пен дипломатияны айқындайтын держава емеспіз», — деді ҚР Президенті.

Осы ретте Мемлекет басшысы қай елге барсаң да, елшілердің немен айналысатындығын білмейтіндігін сынға алды.

«Өз істерін, экономиканы тіпті де білмейді. Сондықтан да бағдар мынадай болуы керек. Бұл жайында біз министрлік кездесулерінде, алқа мәжілістерінде айтатын боламыз. Барлық жерде қажет болсын, болмасын елшіліктер негізсіз ұлғайтылған. Министрлікте мұндай елшілер қаншама? Ал біздергі қазіргі уақытта мұның қажет жоқ. Біздерге қазіргі уақытта Қазақстанның мүддесі бар жерлерде қана өкілдік қажет», — деді Н.Назарбаев.