Жарияланды: 40

Елбасы есімі ел дамуымен тығыз байланысты

Елбасы есімі ел дамуымен тығыз байланысты

Қазақстан ядролық қарудан бас тарту, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық ету, ШЫҰ, ЕАЭО т.б стратегиялық бағыттағы бірлестік.

Бұл ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еліне сіңірген еңбегінің бір бөлігі ғана. Қазақ елі әлемдік ықпалдастықтың бастамашысы, бейбітшіліктің бесігі ретінде лаңкестікке қарсы күресте белсенді, ғаламшардың ең ыстық нүктесінде бітімгершілік миссияларын орнатуды көздейді. Сан қырлы Елбасының ішкі-сыртқы саясаттағы стратегиясын айқындаған, өзіндік бағыт-бағдар қалыптастыра білген еңбегі елдің даму бағытын белгілеп берді. Сол себепті, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясы - Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен егіз ұғым іспеттес.

Мемлекет басшысы тиімді келіссөз жүргізе отырып, сенімді серіктес бола білген сұңғыла саясаткер. Берекесі қашқан Араб елін бейбітшілікке шақырған Астанадағы Сирия мәселесін реттеу процесі – сөзімізге айқын дәлел. Ықпалдастық үдерістерді де белсенді қолдайды. ТМД, ШЫҰ, БҰҰ, ЕҚЫҰ т.б терең әрі тиімді стратегиялық бағыт сөзімізге айқын дәлел. Еуропа, Азия және Америка елдерімен де кең көлемді екіжақты ынтымақтастықты жан-жақты дамытып отыр. Соның арқасында егемен еліміз талай табысқа қол жеткізді. 28 жылда ғасырға бергісіз талай орасан зор еңбек істелді.

Тәуелсіздік алған бетте Елбасы сыртқы және ішкі саясатта елдің іргесін бүтіндеу, прогрессивті дамуға бет алуды басты назарға алды. Елді жаңғырту мен ықпалдастық жобалардың бастамашысы атанып, Қазақстанды әлемге танытты. Әрі бұл экономикадағы нақты өсімдер мен көрсеткіштер арқылы дәлелденді.

Әсіресе, тәуелсіздік жылдары адам нанғысыз жетістіктерге жеттік. Терең ойластырылған ішкі және сыртқы саясаттағы Елбасы рөлі елдің дамуындағы негізгі бағытты айқындап берді. Қазір шетелге шыққан кез-келген азамат Қазақстанды қарқынды дамушы ел ретінде толықтай таныстыра алады. Ең бастысы, бейбітшілік бесігіне айналған мемлекетте Елбасының өзі айтпақшы, ең үлкен жетістік – бейбітшілік пен келісім!

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін