Елбасы Иран президентімен телефон арқылы әңгімеде екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иран президенті Мұхаммед Хатамимен телефон арқылы әңгімеде екі жақты экономикалық, соның ішінде энергетика саласындағы ынтымақтастықтарды дамыту мәселесін талқылады. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Хабарламада атап көрсетілгеніндей, әңгіме барысында тараптар екі ел арасында Каспий теңізіндегі ынтымақтастықты нығайту, "Солтүстік-оңтүстік" тасымал дәлізін пайдалану қажеттігі тұрғысында ортақ позиция білдіріп, Каспийді қоршай орналасқан елдердің мемлекет басшыларының бас қосуын қайтадан жандандыру туралы пікір білдірді.
Сондай-ақ, әңгіме барысында екі президент аймақтағы саяси ахуалға, соның ішінде жаппай қырып-жоюға бағытталған қаруларды таратпау, лаңкестікпен күрес мәселелеріне де тоқталды. Екі мемлекет басшысы сондай-ақ, өз елдеріндегі саяси және экономикалық ахуал туралы ақпаратпен бөлісті. Н.Назарбаев қазіргі таңда Иран төңірегінде қалыптаса бастаған күрделі ахуал бейбіт жолмен шешіледі дегенге сенім білдірді. М.Хатами Қазақстан Елбасын ресми сапармен Иранға келіп қайтуға шақырды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін