Жарияланды: 510

Елбасы Катардың іскер өкілдерімен кездесуде

Елбасы Катардың іскер өкілдерімен кездесуде

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Катар мемлекетіне ресми сапары аясында елдің іскер және қаржы өкілдерімен кездесуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Катар тек қана өзінің өңірінде ғана емес, сонымен бірге халықаралық аренада да маңызды ойыншы саналады және оның әлемдегі беделі жылдан жылға артып келеді. Біз оны қолдаймыз. Катар жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім бойынша ең жоғары көрсеткіштердің біріне ие және Үкімет мұнай-газ өнеркәсібін дамыта отырып,  экономиканы әрттараптандыруды жүргізу үстінде. Біз де қазіргі уақытта сонымен айналысудамыз», - деді ҚР Президенті кездесу барысында.

Мемлекет басшысы Қазақстан да Катар  сияқты табиғи ресурстардың, мұнай мен газдың мол қорына ие екендігін атап өтті. Сондай-ақ, табиғи ресурстарға тәуелділіктен арылу үшін еліміз индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған әртараптандыру реформаларын қолға алғанын еске салды.

«Өздеріңіз де білесіздер, қазіргі уақытта баға құбылмалы болып тұр және біз қиын жағдайда қалудамыз. Біз қазірдің өзінде елді индстрияландырудың екінші бесжылдығымен жұмыс істеудеміз және өндеу өнеркәсібін құрудамыз. Сондықтан, біздің еліміз бұл тұрғыда табысты тәжірибе алмаса алар еді», - деді Елбасы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін