Жарияланды: 600

Елбасы Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың жұмысымен танысады

Шығыс Қазақстан облысына жасайтын жұмыс сапары аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағында орналасқан Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың жұмысымен танысады. Бұл туралы бүгін, 8-тамызда ҚР президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Н.Назарбаевтың Шығыс Қазақстан облысына жасайтын сапары 12-13-тамызға белгіленген. 12-тамызда мемлекет басшысы Семейде болып, сондағы қалалық аквасаябақтың ашылуына қатысады. Бұдан соң Елбасы "Семей су" АҚ-ның бөтелке өндірісінің жұмыс барысымен танысады. Ал Өскемен қаласында Н.Назарбаев Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпорын басшыларымен кеңес өткізіп, Daniel супермаркетін аралайды. 13-тамыз күні таңертеңгісін президент Үлбі өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің ашылу салтанатына қатысып, сүт және тәтті өнімдерін өндірумен айналысатын "Емел" ЖШС-ін аралайды деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть