"Елбасы медалі" жобасының алғашқы қола медаль иегерлері анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Елбасы медалі" жобасының алғашқы қола медаль иегерлері анықталды

"Елбасы медалі" жобасының алғашқы қола медаль иегерлері анықталды

2020 жылғы 9 желтоқсанда, "Елбасы медалі" бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті. Комиссия құрамына Нұрсұлтан Назарбаев Қорының, Елбасы Академиясының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Жастар Конгресінің, БАҚ және қоғам өкілдері енді.

  • 13 Желтоқсан 2020
  • 310
Фото - Caravan.kz

Комиссия бағдарламаны іске асыру нәтижелерін қарап, 2020 жылы 1 000 қатысушыны Елбасының қола медалімен марапаттау туралы шешім қабылдады.

Елбасының 2020 жылғы қола медаль иегерлерінің тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, "Елбасы медалі" — жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатысады.

Жалпы, "Елбасы медалі" бағдарламасы 2020 жылы 11 мыңнан астам қатысушыны, 600 тәлімгерді, 17 өңірлік үйлестірушілер мен сарапшыларды қамтыды.


Соңғы жаңалықтар