Елбасы: Мемлекетте ақша пайда болса, бәрінің тәбетi ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы: Мемлекетте ақша пайда болса, бәрінің тәбетi ашылады

Елбасы: Мемлекетте ақша пайда болса, бәрінің тәбетi ашылады

Бүгiн Астанада Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтiлген Үкiмет отырысы өттi.

  • 9 Ақпан 2018
  • 410
Фото - Caravan.kz

Жиында Елбасы жергiлiктi маңызды жолдарға баса назар аудару керектiгiн айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Қазiр салынған жолдардың тиiмдiлiгi мен ашықтығы аса маңызды. Себебi, былықтардың салдарынан қазiр құқық қорғау органдары «Қазавтожол» мен оның өңiрлiк филиал басшылығында отырғандардың басым бөлiгiн ұстады. Әрине, жаман iстерi үшiн ұстап отыр. Бұл басқару мен жол сапасы бойынша кемшiлiктердiң бар екенiн бiлдiредi», — дедi Назарбаев.

«Бәрi ұры болып шықты ма?», — деп сұрады Елбасы жол саласына жауапты Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбектен.

Министрдiң айтуынша, қазiр «Қазавтожол» басшылығы сыбайлас жемқорлық iсi бойынша сот процестеріне қатысып жатыр.

«Жұмыс орындағанда бiз нормативке қараймыз. Норматив баяғыда ескiрiп кеткен. Нормативтi емес, жолдың қазiргi жағдайына қарау керек. Нормативпен салады, нормативпен ақша алады. Мемлекетте ақша пайда болса, барлығының тәбетi ашылып кетедi. Министрлiк не үшiн қажет? Мемлекеттiк қаржының шығынын қадағалау үшiн қажет. Бұл — сенiң жұмысыңдағы кемшiлiк», — деп ескерттi Назарбаев Жеңiс Қасымбекке.

Елбасының айтуынша, жұмыстың бағыт-бағдарын өзгертiп, жол сапасын жақсартуға баса назар аудару керек. Аймақаралық, ауданаралық жолдарға көп көңiл бөлу қажет.


«Қазiр кейбiр керек емес, шыдай тұратын объектiлер болса, оның қаражатын облыстың iшiндегi жолдарға құю керек. Адамның үйiне жол кiрмесе, маған сенiң салып жатқан республикалық жолың не керек? Сонда ғана халық «мiне жол салынып жатыр екен» деп түсiнедi. Бұл — жеке бағдарлама. Бiз қаражатты қалай салуымыз керек екенiн қайта қарауымыз керек. Мысалы, аудан мен аудан ортасындағы жолды бетонмен алты жұп етіп жасаудың қажетi жоқ. Адамдар дұрыс өте алуы үшiн екi сапалы жолақ болса жеткiлiктi. Облыстық бюджеттiң мүмкiндiгiн де қарастыру керек. Барлығын қайта қарау қажет», — дедi Мемлекет басшысы.

Ал, Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбектiң айтуынша, жергiлiктi жолдарды жөндеуге ендi жылына 150 млрд теңге қаржы бөлiнiп отырады. Биыл жолдар жөнеделе бастайды.

Нұрсұлтан Назарбаев сөз соңында Жеңiс Қасымбекке «Бүгiнгi ескертпелердi ескер, кейiн есеп бересiң» дедi.

Соңғы жаңалықтар