Елбасы Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады

Елбасы Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады. Кездесу барысында Елбасы мемлекет құрудың бастапқы кезеңінен бергі даму жолында «Нұр Отан» партиясының атқарған рөлі мен еңбегіне тоқталды.

  • 25 Қараша 2016
  • 890
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Caravan.kz тілшісі хабарлады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне партияның белсене атсалысып келе жатқанын, оның халық алдындағы беделінің және этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесінің зор екенін атап өтті.

М.Құл-Мұхаммед Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі жұмысы туралы да баяндады.


Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар