Жарияланды: 40

Елбасы Назарбаев Қарағанды облысының бұрынғы әкімінің отбасына көңіл айтты

Елбасы Назарбаев Қарағанды облысының бұрынғы әкімінің отбасына көңіл айтты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Петр Нефедовтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы  Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекет қайраткері Петр Нефедовтің өмірден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

«Қарапайым кеншіден бастап, еліміздің өнеркәсіптік өңірі – Қарағанды облысының басшысы қызметіне дейінгі еңбек жолында ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосты.

Ол әрдайым өндірістегі бай тәжірибесімен және білімімен, жоғары кәсібилігімен әрі ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленетін.

Петр Петрович Нефедовтің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде сақталады», – делінген жеделхатта.

Мемлекет қайраткері, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Петр Нефедов 80 жасында өмірден өтті.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін