Жарияланды: 2600

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік рәміздер туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік рәміздер туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі» конституциялық заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заңға қол қойды.

Түзетулер Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясы ХVI съезі мен Қазақстан халықтары ассамблеясының XXII сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында әзірленген болатын.
Құжатта Қазақстанның мемлекеттік рәміздері міндетті пайдаланылатын орындар тізімі кеңейтіліп, мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін реттейтін өзгерістер қарастырылған. Сондай-ақ, үкіметтің осы мәселеге қатысты құзыреті нақтыланады.
Сонымен қатар, заңға енгізілген түзетулер Мемлекеттік рәміздер күнін атап өту тәртібін әзірлеуге, мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер туралы сарапшылар кеңесін құруға мүмкіндік береді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін