Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады.

  • 4 Мамыр 2013
  • 367
Фото - Caravan.kz

«Қымбатты отандастар!

Барша православие христиандарын жарқын да мерейлі Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің көпконфессиялы елімізде қазақстандықтар діни сенімдері мен этностық ерекшеліктеріне қарамастан, маңызды діни мейрамдар қуанышын өзара бөліседі, сол арқылы халықтың рухын одан әрі асқақтата түседі.

Бұл мейрамдар адамгершілік, тәрбие, қайырымдылық мәдениетін дамыту, гуманизм мұраттарын орнықтыру, әлеуметтік тұрақтылықты бекемдеу арқылы жаңа мазмұнға ие болуда. Діни төзімділік, тату көршілік, жақын-жуыққа қамқорлық қазіргі заманғы Қазақстан қоғамының ізгі бағыттарынан берік орын алып отыр. Православие діни қауымы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өзінің қомақты үлесін қосып келеді.

Шаңырақтарыңыздан шаттық, сүйіспеншілік пен бақ-береке арылмасын!

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

Соңғы жаңалықтар