Елбасы Қазақстан алдындағы 5 сын-қатерді атады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Қазақстан алдындағы 5 сын-қатерді атады

Елбасы Қазақстан алдындағы 5 сын-қатерді атады

Бүгін ҚР Президентінің ұлықтау рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан алдындағы 5 сын-қатерді атады.

  • 29 Сәуiр 2015
  • 373
Фото - Caravan.kz


 «Барлық жауапкершілікпен ұлтты ескерткім келеді: біздің одан әрі дамуымызға 5 жаңа сыртқы сын қатер қауіп төндіруін жалғастыруда. Біріншісі, бұл әлемдік тәртіптегі дағдарыс, жалпы айқынсыздықтың өршуі. Қауіпсіздіктің әлемдік жүйесі жаңа үлгідегі жанжалдармен мығымдылығын сынау үстінде.  Әлемдік аренада экстремизм мен зорлық-зомбылықты пайдаланатын жаңа жүйесіз ойыншылар пайда болуда», — деді ҚР Президенті. 
Елбасы өз сөзінде екінші сын-қатер ретінде әлемдік экономикадағы турбуленттіліктің жалғасуын, санкциялық, валюталық және сауда қақтығыстарын атады. Ал мұның барлығы әлемнің барлық елдерінде проблема туындатуда. «Үшінші, бүгінде климаттың өзгеру процесінің тосын салдары орын алуда, барлық әлемде түрлі катаклизмдерге әкелуде. Төртінші, Орталық Азия, яғни, біздің өңіріміз әлемдік жарықшақтардың жаңа желісіне тап болуы мүмкін. Бұл да барша өңірге сын-қатер болады», — деді Елбасы. Сонымен қатар ҚР Президенті  бесінші сын-қатер ретінде жаһандық тәртіптегі дағдарысты, әлемдік экономикадағы тұрақсыздықты атады.