Елбасы Қазақстан халқын Тәуелсіздік мейрамымен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы  Қазақстан халқын Тәуелсіздік мейрамымен құттықтады

Елбасы Қазақстан халқын Тәуелсіздік мейрамымен құттықтады

[wpcode id="1694287"] Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнал

  • 15 Желтоқсан 2016
  • 631
Фото - Caravan.kz


Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын басталды. Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

«Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі –Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Біз 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздігімізді жер жүзіне жариялап, күллі әлемге паш еттік. Алдымен көне түріктің бөрлі байрағының мұрагері Көк туымызды БҰҰ-ның төрінде желбіреттік. Әнұранымызды әлем төрінде қалықтатып, Елтаңбамызды мәңгілік мөрге айналдырдық. Төл теңгемізді енгізіп, Ата-заңымызды қабылдадық. Шекарамызды шегендеттік. Мемлекеттік тілімізді әлемнің ең биік мінбесінен сөйлеткіздік», — деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар