Бүгін Ақордада Тәжікстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Назирмад Ализодадан сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Қазақстан Тәжікстанды Орталық Азиядағы маңызды серіктес ретінде қарайды. Біз бұл елдің ірі сауда серіктесіне, негізгі инвесторына айналып отырмыз», — деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің атап өтуінше, тәжік экономикасына салынған Қазақстанның инвестициясы бүгінде 125 млн. доллардан асты. Қазақ капиталының қатысуымен 40 шақты кәсіпорын жұмыс істейді.
«Соған қарамастан өзара сауда көлемін ұлғайтып, ынтымақтастық аясын кеңейтіміз қажет. Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, құрылыс, жеңіл, тамақ өнеркәсібінде екіжақты жобаларды іске асыруға мүдделіміз», — деді Н.Назарбаев.