Жарияланды: 420

Елбасы Қазақстан және Әзербайжан Республикалары арасындағы Каспий теңізінің түбін бөлісу жөніндегі келісімді бекіту туралы заңға қол қойды

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан және Әзербайжан Республикалары арасындағы Каспий теңізінің түбін бөлісу жөніндегі келісім мен аталмыш келісімге қосымша хаттаманы бекіту туралы заңға қол қойды. Заңның мәтіні 4-шілде күні республикалық басылымдарда жарық көрді.

Келісімге сәйкес Каспий теңізінің табаны мен оның тереңі екі мемлекет арасында орта сызық бойынша бөлінеді. Орта сызық жағалау мен аралдардағы бастапқы нүктеден бірдей қашықтықта орналасады. Орта сызықтың географиялық суреттемесі мен оның координаттары өзара келісілген бастапқы нүкте жөніндегі картографиялық материалдар негізінде айқындалып, 2003-жылдың 27-ақпанында Баку қаласында қол қойылған Келісімнің хаттамасында заңдастырылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін