Елбасы Қазақстанда Ұлттық ақпараттық ресурс орталығын құру туралы ұсыныс білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Қазақстанда Ұлттық ақпараттық ресурс орталығын құру туралы ұсыныс білдірді

Елбасы Қазақстанда Ұлттық ақпараттық ресурс орталығын құру туралы ұсыныс білдірді

Бүгін, 15-қазанда Астанада өтіп жатқан Азаматтық форумның жалпы отырысында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда Ұлттық ақпараттық ресурс орталығын құру туралы ұсыныс білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 15 Қазан 2003
  • 742
Фото - Caravan.kz

Н.Назарбаевтың айтуынша, «бұл орталық мемлекетке де, үкіметтік емес ұйымдарға да қызмет ете алар еді. Сондай-ақ, орталық мемлекеттік мекемелердің ағымдағы бағдарламалары және донорлық жобалар туралы ақпарат тарата алады. Бұл орталықта жұмыс әдістемесі мен ақпарат алмасуға да ықпал жасау мүмкіндігі бар».

Мемлекет басшысының пайымдауынша, бұл орталықта сондай-ақ, әлеуметтік және мәдени жобалардың жәрмеңкесін өткізіп отыруға болады. Мұндай органды қаржыландыру жұмысын мүдделі мекемелер паритет негізінде жүзеге асыра алады деді президент.
Н.Назарбаевтың пайымдауынша, «елімізде ұлттық орталық құру жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік толық».

Соңғы жаңалықтар