Елбасы Қазақстанның сыртқы саясаты қай бағытта дамитындығын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Қазақстанның сыртқы саясаты қай бағытта дамитындығын айтып берді

Елбасы Қазақстанның сыртқы саясаты қай бағытта дамитындығын айтып берді

Қазақстанның сыртқы саясаты көп векторлы бағыттан таймайтын болады.

  • 29 Сәуiр 2015
  • 580
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Ұлықтау рәсімінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Құрметті қазақстандықтар! Ұлт жоспарының сәтті орындалуы — жағымды халықаралық климаттың болуын талап етеді. Біз стратегиялық әріптестермен — Ресеймен, Қытай Халық Республикасымен, Америка Құрама Штаттарымен, Еуропалық Одақ елдерімен, Ислам әлемімен ықпалдастықты жалғастыра беретін боламыз. Халықаралық ұйымдарда жұмысты қыздыра түсеміз», — деді Президент. 
Оның сөзіне қарағанда, болашақта Қазақстан аймақтық қауіпсіздікті сақтауда үлкен рөлге ие болатын болады.


«Орталық Азияның көшбасшысы ретінде Қазақстан біздің аймақтың қауіпсіздік қалыбы мен экономикалық дамуын сақтауға белсенді күш салады. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы әріптестермен: Ресеймен, Беларусьпен, Қырғызстанмен және Армениямен байланыстар ерекше маңызға ие болады. Қазақстан дипломатиясы Ислам әлемінде және посткеңестік кеңістікте өткір аймақтық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу жолындағы қызметін қарқындата түседі», — деп түйді ойын Елбасы.