Елбасы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды

Елбасы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды

Елбасы елорданың жаңа мәдени нысанымен танысып, театрдың шығармашылық ұжымымен кездесті.

  • 27 Қараша 2020
  • 38
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев астана көшкелі қалада қазақ драма театрына жаңа зәулім ғимарат салып беруді ойластырғанын атап өтті.

– Баршаңызға шығармашылық жетістік пен табыс тілеймін. Бүгіннен бастап біз театрды ашық деп жариялаймыз. Оның құрылысына «Самұрық-Қазына» компаниясы арнайы қаражат бөлді. Мұнда барлық жағдай жасалған. Көрермендердің осы театрға қуана келетініне сенімдімін, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Театрдың жаңа ғимараты Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен бой көтерді. Ғимараттың жалпы ауданы 22 мың шаршы метрден асады. Мұнда 635 орындық үлкен зал, 202 орындық камералық зал, арт-галерея, мейрамхана, салтанатты кездесулер залы орналасқан.


Соңғы жаңалықтар