Елбасы сал дертіне шалдыққан 12 жасар балаға компьютер сыйлады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы сал дертіне шалдыққан 12 жасар балаға компьютер сыйлады

Елбасы сал дертіне шалдыққан 12 жасар балаға компьютер сыйлады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сал дертіне шалдыққан 12 жасар Шымкенттік оқушыға компьютер сыйлады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаменті төрағасының орынбасары Нағима Жолдасова хабарлады.

  • 4 Маусым 2004
  • 386
Фото - Caravan.kz

12 жасар Жандос Мұхаммедовқа компьютерді Елбасының атынан Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің төрайымы Нұрсұлу Тасмағамбетова табыс етті.

Ауру салдарынан жүріп-тұрудан қалған Жандос компьютерлі болсам деп көптен бері қиялдап жүрген. Бірақ отбасында ондай мүмкіндік жоқ еді. Сөйтіп, Елбасының атына өзінің арман-мұраты туралы хат жолдаған Жандостың бір қиялы орындалды.