Елбасы Түркияда мерт болған Ресей елшісінің туған туыстарына көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Түркияда мерт болған Ресей елшісінің туған туыстарына көңіл айтты

Елбасы Түркияда мерт болған Ресей елшісінің туған туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Түркия Республикасындағы елшісі Андрей Геннадьевич Карловтың қайғылы қазасы туралы хабарды зор күй

  • 20 Желтоқсан 2016
  • 658
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Түркия Республикасындағы елшісі Андрей Геннадьевич Карловтың қайғылы қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлады Caravan.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Жеделхатта А.Карловтың дарынды дипломат болғаны және оның кәсіби қызметі баршаның құрметіне ие болып, Ресей мен Түркия қарым-қатынасын нығайтуға бағытталғаны атап өтілген.

«Бұл терроризм актісі осынау зұлымдықпен күрес жолында бүкіл әлемнің күш-жігерін жұмылдыру қажет екеніне тағы да көзімізді жеткізе түсті. Ешқандай зорлық-зомбылықты ақтауға болмайды. Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды», – делінген жеделхатта.


Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан А.Карловтың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Соңғы жаңалықтар