Елбасы Жак Атталимен әлемдік экономикадағы дағдарыс үрдістерін еңсеру жолдарын талқылады
![]() |
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев француз экономисі Жак Атталимен кездесті. |
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесу барысында жаһандық нарықтардағы ахуал, әлемдік экономикадағы дағдарыс үрдістерін еңсеру жолдары, сондай-ақ қазіргі қалыптасқан жағдайдағы Қазақстанның іс-қимыл бағдарламасы - Бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары талқыланды. Тараптар еліміздегі инфрақұрылымдық жаңғыртулар перспективасына да арнайы тоқталды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін