Елбасыға Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқаруға құқық беретін заң жобасы мақұлданды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасыға Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқаруға құқық беретін заң жобасы мақұлданды

Елбасыға Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқаруға құқық беретін заң жобасы мақұлданды

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқаруға құқық беретін заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Мақұлдаған әм заң жобасын қараған Мәжіліс депутаттары.

  • 17 Мамыр 2018
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Аталған заң жобасына сәйкес, Қауіпсіздік Кеңесі ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тәуелсіздікті, аумақтық тұтастығын қорғау мақсатында ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіретін конституциялық орган болып табылады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев Назарбаевқа Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқаруға құқық беретін заң жобасы өткен жылы белгіленіп қойғанын түсіндірді.

Сонымен, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» конституциялық заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес тұңғыш президент «өзінің тарихи миссиясына байланысты» Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқаруға құқылы.


Айта кетейік, 2017 жылдың желтоқсанында Назарбаев қол қойған түзетулерге өзгерістер енгізілді.

Соңғы жаңалықтар