Елбасының анасы туралы сұраққа берген жан тебірентерлік жауабы жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасының анасы туралы сұраққа берген жан тебірентерлік жауабы жарияланды

Елбасының анасы туралы сұраққа берген жан тебірентерлік жауабы жарияланды

Ақорданың баспасөз қызметі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Анаңызға не деп хат жазар едіңіз?" деген сұраққа жауап берген сәтінің видеосын Фейсбуктегі парақшасына жариялады. Бұл бейнежазба Елбасының 2001 жылы 7 наурызда қыз-келіншектермен кездескен кезінде түсірілген екен.

  • 8 Наурыз 2017
  • 3499
Фото - Caravan.kz

Онда президент кезінде өзінің анасына көп уақыт бөле алмағанына өкінетінін айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

"Жалғыз мен ғана емес, барлық адам уақыт өте келе, есейе келе анасына уақытты аз бөлгені, жылы сөзді аз айтқаны үшін өзін сөгетін шығар. Кезінде онымен жиі бірге болмағаныма қатты өкінемін. Оның мені қатты жақсы көретінін білетінмін. Әлі күнге дейін маңызды шешім қабылдарда оның әруағы мені қолдап отырады" дейді Н.Назарбаев. 

Елбасының айтуынша, кейде осылай шешім қабылдар кезде анасы түсіне кіреді екен. 

"Мен бақсы-балгер, көріпкел дегендерге сенбеймін. Бірақ оның (анасының — ред.) түсіме кіріп, "бәрі жақсы болады" деп айтқан кездері болған. Егер ол қазір тірі болса, мен оған ұлы ретінде хат жазар болсам, оны қатты жақсы көретінімді және қадір тұтатынымды айтар едім" дейді президент. 


Ответ Главы государства на вопрос "Что бы Вы написали маме?" (фрагмент архивного видео со встречи Президента Казахстана с женской общественностью, 7 марта 2001 г.)

Posted by AkordaPress on Tuesday, March 7, 2017

Соңғы жаңалықтар