Елбасының ауруханаға түсуіне байланысты алдағы уақытқа жоспарланған сапарлар кейінге қалдырылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ауруханаға түсуіне байланысты алдағы уақытқа жоспарланған сапарлар уақытша кейінге шегерілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бүгін, 18-қарашада ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Елбасы суық тиіп ауыруға байланысты республикалық клиникалық ауруханаға стационарлық емдеу мақсатымен жатқызылды.
19-қарашада мемлекет басшысының Ақтөбе облысына сапары жоспарланып, онда Хромтау-Алтынсарин темір жол тармағының салтанатты ашылу рәсімі өтуі тиіс болатын. Ал 20-қарашада ҚР Елбасының Австрияға сапары межеленген. Онда Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында сөз сөйлейді деп күтілген еді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін