Елбасының сөзін Сыртқы істер министрі жоққа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасының сөзін Сыртқы істер министрі жоққа шығарды

Елбасының сөзін Сыртқы істер министрі жоққа шығарды

Елбасының сөзін Сыртқы істер министрі жоққа шығарды. Жақында ғана Парижге барып қайтқан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов француз басылымдарына берген сұхбатында «Біз «стан» деген жұрнақтан бас тартпаймыз» депті. Оның ойынша, Қазақ елі деп атау ақпарат құралдары шығарып жүрген жәй дабыра екен.   

  • 14 Маусым 2014
  • 414
Фото - Caravan.kz

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

-Бұл — бұқаралық ақпарат құралдарының шығарып жүргені. Оған аса мән берудің қажеті жоқ. Қазақстан Қазақстан болып қала береді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биыл ақпан айында мемлекетіміздің ресми атауын «Қазақ елі» деп өзгерту туралы ұсыныс айтқан еді.Тосын идея қоғамда үлкен пікірталас тудырды. Мұндай ұсыныстан кейін кейбіреулер ел атауына қатысты өз нұсқаларын айтып жатты. Біраз талқыға түсіп барып басылғандай болған бұл мәселені тілшілердің сөзіне аса мән бергісі келмейтін Сыртқы істер министрі қайтадан қозғап, журналистерге қарадай жала жауып отыр. Әлде ол Президенттің төрт ай бұрын айтқан мына сөзін естімеген бе?


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының
Президенті(ақпан, 2014 жыл):

-Бізде де, Қазақстан, оларда да «стан».  Ауғанстан Пәкістан. Мына Моңғолияға шетелдіктер көп көңіл бөледі. 2 млн халқы бар ештеңесі жоқ. Себебі ол «стан» емес, Моңғолия. Содан кейін менің ойлап отырғаным, біз осы мемлекетіміздің атын «Қазақ елі» деп өзгерту керек шығар деп ойлаймын. Болашақта. Ел мен жұртпен ақылдасу керек.