Меркелік шараға Қазақстанның халықтық шығармашылық майталмандары мен отандық эстарда жұлдыздары қатысады. Атап айтар болсақ, әншілерден Айжан Нұрмағамбетова мен Толқын Забирова, қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбырада ойнайтын талантты орындаушылар Ақерке Тәжібаева мен Олег Никитин өз өнерлерін қалың жұртшылыққа паш етпек. Сонымен қатар А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқушылары да би билеп, мерекенің көркін қыздырмақ.
Қазақстан өнер шеберлерінің концерті еліміздің Тұңғыш Президенті сонау жылдары білім алған Қарасай Батыр атындағы орта мектептің аумағында өтеді.