Жарияланды: 610

Елбасының жарлығымен күш құрылымдарында бірқатар тағайындаулар жасалды

ҚР Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен күш құрылымдарында бірқатар тағайындаулар жасалды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен.

Атап айтсақ, Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің қолбасшысы; Болат Қаскенұлы Сембинов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары; Көпен Қабылқасымұлы Ахмадиев - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы; Нұрлан Айтманұлы Жоламанов - Шығыс әскери округі әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы; Болат Бақытжанұлы Жаңасаев - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылып, "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы; Уәли Бисақанұлы Еламанов - Оңтүстік әскери округі әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылып, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы; Ратмир Әлімханұлы Комратов - Батыс әскери округі әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылып, "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы; Қажымұрат Нұрғалиұлы Маерманов - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Зымырандық әскерлері мен артиллерия қолбасшысы; Мұрат Жәлелұлы Майкеев - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы; Владимир Александрович Шацков - Орталық әскери округі әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылып, "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды. Сәкен Әділханұлы Жасұзақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Ұтқыр күштерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін