Елдегі бөгеттердің жағдайы қандай? - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елдегі бөгеттердің жағдайы қандай?

Елдегі бөгеттердің жағдайы қандай?

Елдегі су қоймалары толып кеткен. Ал су тасқыны әлі де жалғасып жатыр. Сондай-ақ қарқын судың екінші толқыны болады деген қауіп бар.

  • 15 Сәуiр
  • 24
Фото: ашық дереккөз

Қазіргі уақытта Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100% толы. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтіп, салалары тұрақтанды. Бірақ, Жабай өзенінің реттелмейтін ағынының артуына байланысты Атбасарда су тасқыны жалғасып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100% толы, су тасқыны жалғасып жатыр.»Қазақпараттың» хабарлауынша, Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі – 1 243 см, бір тәулікте ол 103 см-ге көтерілді. Мамандар су өткізу іс-шараларын атқарып жатыр.  Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 97%. Өңірдегі жағдай тұрақты.

Батыс Қазақстан облысында төрт ірі су қоймасының орташа су жинауы – 74%. Иреклі су қоймасынан жіберілген су әлі Қазақстан шекарасына жеткен жоқ. Бұған қатысты болжам өзгермеді. Бұл су 16-17 сәуірде келеді деп күтіліп отыр.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%, су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Қаратомар су қоймасы транзиттік режимде жұмысын жалғастырып жатыр. 

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші – 80%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 89%-ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына ағындардың ұлғаюына байланысты су жіберу жұмысы жүргізіліп жатыр. Жалпы, Ертіс каскадының су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы, өңірде су тасқынының қауіпті кезеңі өтті. Жағдай тұрақты. 

Павлодарда Ертіс өзенінің су деңгейі көтерілгені туралы ақпарат тарады. Ертіс өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуі, соған байланысты Усолка ықшам ауданының жағалауындағы үйлерді жақын арада су басуы мүмкін екендігі туралы WhatsApp желісі арқылы тараған ақпарат – фейкболып шықты. 

Облыстық ТЖД мәліметінше, биылғы жылы жоғарғы-Ертіс каскадының су қоймаларынан су жіберу көлемі былтырғыдан 50 пайызға артық жоспарланған, бірақ рекордтық деңгейде емес.  Мысалы, 2016 жылы көлемі бұдан әлдеқайда жоғары болды. 

Министрліктің хабарлауынша, бүгінде 500 шақырымнан астам су арнасын тазалау жоспарланып отыр. Каналдарды тазарту жұмысы Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында жүргізіледі. 

Сондай-ақ Қазақстанның 8 өңірінде: Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан облыстарында, БҚО және ШҚО-да 74 гидротехникалық құрылысты жөндеу жоспарланған. Суару маусымына дайындық аясында 110 су шаруашылығы нысаны жөндеуден өтіп жатыр.