Жарияланды: 20

Елден заңсыз ақша алып шықпақ болған шетелдіктер ұсталды

Елден заңсыз ақша алып шықпақ болған шетелдіктер ұсталды

"Жібек жолы" және "Атамекен" кеден бекеттерінде елден заңсыз ақша алып шықпақ болған Қазақстан, Ресей және Тәжікстан азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәліметінше, аталған азаматтар Қазақстан Республикасының қолма-қол ақшаны әкетуге тыйым салу талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

6 маусымда Түркістан облысы бойынша "Жібек Жолы" кеден бекетінде nuchtech 100100dv рентгентелевизиялық аппаратымен қол жүгін тексеру барысында Өзбекстанға өтпек болған Тәжікстан тұрғыны ұсталды. Ер адамның қол жүгін тексеру кезінде 19 500 доллар сомасында декларацияланбаған ақша анықталды. Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 545-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін