Жарияланды: 420

Елдің халықаралық резервтері мамырда 7 %-ке өсіп 6728,8 млн. доллар болды

Маусымның бірінші жартысында елдің халықаралық резервтері 5,0%-ке өсіп, 7063,8 млн. долларға жетті. Соның ішінде Ұлттық қордың ақшасы 2274,3 млн. долларды құрады. Бұл туралы бүгін, 18-маусымда Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында Ұлттық банк басқармаларының төрағасы Григорий Марченко хабарлады.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 2003-жылғы мамырда ағымдағы бағалармен 9,5%-ке өсіп, 4451,1 млн. доларға жетті. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 41,8 % құрайды. Елдің халықаралық резервтері , тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақшасын қосқанда (алдын-ала деректер бойынша -2271,9 млн. долл. ) мамырда 7 %-ке өсіп 6728,8 млн. доллар болды, жыл басынан бері резерв көлемі 33%-ке өсті. Айналыстағы қолма-қол ақша мамыр айында 4,4%-ке өсіп, 174,3 млрд. теңгеге дейін жетті. Ал банк жүйесіндегі депозиттер 4,5%-ке көбейіп, 679,1 млрд. теңгеге жетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть