"Елеусіновті ертерек ұрып құлатқым келеді" - отандасымыздың қарсыласы алдағы кездесу туралы ойымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 452.92
  • 484.99
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Елеусіновті ертерек ұрып құлатқым келеді" - отандасымыздың қарсыласы алдағы кездесу туралы ойымен бөлісті

"Елеусіновті ертерек ұрып құлатқым келеді" - отандасымыздың қарсыласы алдағы кездесу туралы ойымен бөлісті

Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі 28 сәуірде өтеді.

  • 20 Сәуiр 2018
  • 56
Фото - Caravan.kz

Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы бірінші қарсыласы болатын америкалық Ноа Кидд (3-0-1, 2 КО) Vesti.kz порталының тілшісіне Олимпиада ойындарының чемпионатымен өткізетін кездесу туралы пікірмен бөлісті.

Жартылай орта салмақта алты раундқа жоспарланған кездесу 28 сәуір күні Нью-Йорк қаласындағы "Барклайс" спорт кешенінде америкалық Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен полшалық Мацей Сулецки (26-0, 10 КО) арасында жоспарланған бокс кешінің андеркартында өтеді.

22 жастағы Кидд кәсіпқой бокста 2016 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол осы уақытқа дейін үш мәрте жеңіске жетсе (екі нокаут), бір рет қарсыласымен тең түскен. Кидд барлық кездесулерін Миссури штатында өткізген.

— Ноа, Елеусіновпен өтетін кездесу туралы айтып берсеңіз …

— Біріншіден, мен Олимпиада ойындарының чемпионымен кездесемін. Мен бір апта бұрын онымен кездесетінімді білген кезде, бірден ғаламторға кіріп, оның қаншалықты мықты екенін көрдім.

Білесіз бе, ол шынымен де мықты боксшы. Оның техникасы мықты. Өткен жылдам. Сондықтан мен оның ауық соққысын жіберіп алмау үшін ара-қашықты сақтап жұдырықтасамын.

— Алдағы кездесуден не күтесіз?

— Жақсы шоу. Біз шаршы алаңға шыққан кезде, бізді үлкен шоу күтіп тұрғанын білеміз. Мен оны ертерек құлатқым келеді. Бірақ жекпе-жектің қалай өтеінін білмеймін. Оның үстіне Елеусіновтің тәжірибесі мол. Оны нокаутқа түсіру үшін өзімді жүз пайызға жақсы қырымнан көрсетуім керек.

— Бокста кімді үлгі тұтасыз?

— Флойд Мейвезер. Маған оның тек шаршы алаңдағы әрекеті ғана емес, сөздерін іспен дәлелдейтіні де ұнайды. Ол өзіне назар аударта алады. Бірақ ол айтқан нәрсесін міндетті түрде іске асырады. Мен Мейвезерді үлгі тұтамын. Бірақ алдағы уақытта отбасым үшін әлемдегі ең мықты боксшы боламын.

Бұған дейін кәсіпқой бокстағы бірінші қарсыласы туралы Дания Елеусіновтің өзі пікір білдірген еді. Ол қарсыласы ортаңқол боксшы деген болатын.



Еске салайық, 27 жастағы Елеусінов кәсіпқой боксқа түбегейлі екінші мүмкіндігінен кейін ауысты. Науырз айының басында ол Энтони Джошуа, Келл Брук, Джордж Гроувз, Тони Белью, Амир Хан, Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) секілді боксшылардың жекпе-жектерін ұйымдастыратын британдық промоутер Эдди Хирнмен келісімшарт жасады.

Соңғы жаңалықтар