Еліміз бойынша 340 мыңнан астам оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміз бойынша 340 мыңнан астам оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

Еліміз бойынша 340 мыңнан астам оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

Бүгін Қазақстандағы жалпы білім беру мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды.

  • 2 Қыркүйек 2018
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Білім министрлігінің мәліметінше, жаңа оқу жылында елдегі жеті мыңнан астам мектепте үш миллионнан аса оқушы білім алады. Соның ішінде 340 мыңнан астам шәкірт алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Олардың 223 мыңнан астамы қазақ сыныбында, 111 мыңы — орыс сыныбында оқитын болады.

Қазақстан мектептерінде соңғы жылдары жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқуға көшу кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Бұған дейін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биылғы жаңа оқу жылында 3, 6 және 8-сыныптарда жаңа білім беру мазмұны енгізілетінін мәлімдеген.

Министрдің айтуынша, республикалық бюджет есебінен салынатын 110 мектептің 72-і биылғы жылы пайдалануға беріледі. Сонымен бірге жергілікті бюджет есебінен 94 мектеп салынады деп жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар