ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Аслан Мусин ПАО-ның мінберінен ұлттық қауіпсіздік, қауіпсіздік және адамның құқығы мен бостандығын қорғау және демократияқа төнетін қауіптің алдын алу жөніндегі көтеріліп отырған өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның көзқарасын білдірді.
Содан кейін Аслан Мусин ПАО-ның президенті П.Ф. Казинимен, Швейцарияның Ұлттық Кеңесінің төрағасы Кристин Егерши, Швейцария кантондар Кеңесінің төрағасы Петер Биери, Ауғанстан Республикасы парламенті өкілдер палатасының төрағасы Жүніс Канунимен, сондай-ақ ПАО-ға мүше елдердің делегация жетекшілерімен кездесіп, мемлекеттер арасындағы демократиялық даму, Парламенттердің ролі, заң шығару ісіндегі озық тәжірибелер туралы пікірлер алмасылды.
Сонымен қатар қазақстандық делегация шетелдің көмегіне қатысты мемлекеттік саясатқа Парламенттік бақылау турасындағы тақырып бойынша пікірсайысқа қатысты.
Парламентаралық одақтың кезекті сессиясы 2008 жылғы сәуірде Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында өтеді.
Парламенттер мүшелері үшін жаһандық форум ретінде Парламентаралық Одақтың 1889 іргесі қаланған және әлемдегі саяси көзқарас пен пікірлерді кең ауқымда зерделейтін орта болып табылады. 1993 жылдың 4 наурызында Қазақстан Парламенті ПАО-ға мүше болып қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті