Еліміз шешуші кезеңге жақындап қалды — Қасым-Жомарт Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміз шешуші кезеңге жақындап қалды — Қасым-Жомарт Тоқаев

Еліміз шешуші кезеңге жақындап қалды — Қасым-Жомарт Тоқаев

Еліміз өте маңызды, тіпті шешуші кезеңге жақындап қалды.

  • 6 Ақпан
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Мәжілісті жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы KAZINFORM.KZ-ке сілтеме жасап.

«Ең алдымен баршаңызға ризашылығымды, рақметімді айтқым келеді. Сіздер жоғары саяси және азаматтық жауапкершілікті көрсеттіңіздер. Расында еліміз өте маңызды, тіпті шешуші кезеңге жақындап қалды. Мәселен, „таяу келешекте Қазақстан қандай мемлекет болады, оның аймақтық және әлемдік қоғамдастықта атқаратын рөлі қандай болмақ?“ деген аса маңызды сұрақтар тұр. Қазіргі бәсекеге толы, түрлі жанжалға ұшыраған тұрақсыз, бұлыңғыр әлемде Қазақстан күшті, болашағына сеніммен қарайтын ел болуы керек. Оның бәрін қамтамасыз ету — бәріміздің ортақ міндетіміз, парызымыз деп айтуға болады. Бұл мәселе бойынша Үкіметтің атқаратын рөлі ерекше», — деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Осы орайда Президент жаңа тағайындалған Премьер-Министр Олжас Абайұлы Бектеновті жаңа лауазымымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі. 

«Мен Президент ретінде депутаттардың жұмысын мұқият қадағалап отырмын. Шындықты айтамын, Мәжіліске ризамын. Шын мәнінде ауқымды, маңызды жұмысты, ең алдымен халық үшін қажетті жұмысты абыроймен атқарып отырсыздар. Сондықтан баршаңызға ризашылығымды білдіремін», — деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар