Елімізде 11 педофилге химиялық кастрация жасалады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 11 педофилге химиялық кастрация жасалады

Елімізде 11 педофилге химиялық кастрация жасалады

Қазақстанда 11 адамға химиялық кастрация жасалады.

  • 10 Қыркүйек 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. «Мәжбүрлі түрде химиялық кастрация шарасы сот-психатриялық сараптама нәтижесіне қарай сот шешімімен тағайындалады. ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, мұндай жаза кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған, жасы 18-ден асқан адамдарға қолданылады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бері қылмыстық атқару жүйесіне соттан осы мәндегі үкім алған 11 адам түсті. Аталмыш жандардың бәрі дәрігерлік-консультативтік комиссияның қарауынан өтті. Қазіргі таңда процедура Павлодар және Ақмола облысындағы мекемелерде екі адамға жүргізіліп жатыр. Осы жаза түрі тағайындалғандар туралы басқа мәліметтер құпия және ҚР Конституциясының 18-бабының 1-тармағына сәйкес таратуға жатпайды» делінген комитеттің ақпаратында.



 

Соңғы жаңалықтар