Елімізде 16 мыңға жуық қымбат нөмір сатылып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 16 мыңға жуық қымбат нөмір сатылып кетті

Елімізде 16 мыңға жуық қымбат нөмір сатылып кетті

VIP-нөмірлерді сатудан ел бюджетіне қомақты қаржы түскен

  • 20 Қараша 2017
  • 165
Фото - Caravan.kz

Соңғы үш жылда 15 760 VIP-нөмір сатылып, бюджетке 5 миллиард 548 миллион теңге пайда түсті, деп хабарлады мәжілістің вице-сикері Владимир Божко. 

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі талқыланып атқан үкімет сағатында Владимир Божко мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына тоқталды. 

"Үш жылда ішкі істер министрлігі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 15 760 "тартымды" нөмір сатты, нәтижесінде бюджетке 5 миллиард 548 миллион теңге түсті", — деді Божко. 

Оның айтуынша,биылғы жылдың қаңтар-қазан аралығында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында 314 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілген. Бұдан бөлек, 1 миллион 218 мың көлік тіркеліп, есептен шығарылыпты. 


 

Соңғы жаңалықтар