Елімізде 195 локомотив пен 56 жолаушылар вагонын пайдалануға уақытша тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 195 локомотив пен 56 жолаушылар вагонын пайдалануға уақытша тыйым салынды

Елімізде 195 локомотив пен 56 жолаушылар вагонын пайдалануға уақытша тыйым салынды

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі теміржол саласындағы компаниялардың қауіпсіздік талаптарын орындауын тексерді. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Тамыз 2013
  • 466
Фото - Caravan.kz

Министрліктің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысы бойынша «Сарыарқа» аймақаралық көліктік бақылау инспекциясы «Локомотив» АҚ-ның пайдалану локомотив депосының Жаңаарқа бөлімінде көлік заңнамасының талаптарын қаншалықты сақтап отырғанына тексерді. Шара барысында 12 локомотивке орнатылған жылдамдық есептегіш құралдарының аккредитациялық аттестаты жоқ зертханаларда сынақтан өткенін анықтады.

Ал, «Локомотив» АҚ-ның Ақтөбе пайдалану депосының бөлімінде қосымша тежегіш құрылғысымен жабдықталмаған локомотивтерді қолдану  фактілері анықталды. Сондай-ақ, Орал, Ақтоғай локомотив деполары мен Матай және Достық стансаларының деполарында мерзімдік техникалық тексерістен өту  мерзімінің  бұзылғаны да  белгілі болды.

Бұдан басқа, «Семей көлік компаниясы»ЖШС, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Silizium Kazakhstan» ЖШС және «Евразиан Фудс» АҚ-да  тексеру  жүргізу  барысында 39 локомотивтің жылдамдық өлшегішінің, компрессорының, жүріс бөлігі тартпасының, пневматикалық және қол тежегіштерінің ақауы бары анықталды. Сондай-ақ,  құм беру жүйесі  мен маневрлік радиостансасы  жоқ болып шықты.

Ағымдағы жылдың 7 айында көліктік бақылау  комитетінің  қызметкерлері 990 теміржол көлігі мекемесінде тексеру  жүргізді.  Тексеру  барысында нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзудың 21 793 фактісі анықталды, оның ішінде 8886 бұзушылық «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның  бөлімдерінде  тіркеліп отыр. Тексеру  қорытындысында анықталған бұзушылықтар жойылмайынша 195 локомотивті пайдалануға  тыйым салынды, оның 75-і «Локомотив» АҚ-ның жеке меншігі болса, қалған 120 бірлік теміржол көлігі мекемелеріне тиесілі. Бұдан басқа, 56 жолаушылар вагоны мен  жолаушылар вагонына теңдестірілген вагондарды   пайдалануға тыйым салынды.


2012 жылы аталған мерзімде көліктік бақылау  органдары 1195 теміржол көлігі  ұйымдарында  тексеру жүргізілген болатын. Қорытындысында нормативтік құқықтық актілердің талаптарын  бұзудың 21 650 фактісі анықталған болатын. Соның ішінде 5992 бұзушылық «ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның бөлімдерінде анықталды.