Жарияланды: 460

Елімізде 2003-жылдың 1 және 2-тоқсанында үй шаруашылықтарының жан басына шаққандағы кірісі тиісінше 13 және 14 процентке өсті

Елімізде 2003-жылдың 1 және 2-тоқсанында үй шаруашылықтарының жан басына шаққандағы орташа кірісі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда тиісінше 13 және 14 процентке өсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

Агенттік ақпаратына сәйкес, тұтыным мақсатында пайдаланылған кіріс мөлшері айлық орта есеппен 1-ші тоқсанда 7333 теңгені, 2-ші тоқсанда 6987 теңгені құрады. Тұтыным мақсатында пайдаланылған ең жоғарғы кіріс мөлшері аталған мерзімде Астана және Алматы қалаларында тіркеліп, республикалық орташа деңгейден тиісінше 2 және 1,5 есе артық болды. Ал төменгі кіріс мөлшерімен еректешеленген облыстардың қатарында Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары бар. Бұл облыстарда 2003-жылдың бірінші тоқсанында кіріс пен орташа республикалық көрсеткіштің арақатынасы тиісінше небәрі 64,2 және 66,4 процентті, 2003-жылдың 2-тоқсанында 61,9 және 65,4 процентті құрады. Тұтыным мақсатында пайдаланылған ең жоғарғы және ең төменгі кірістің арақатынасы аймақтар арасында үстіміздегі жылдың 1 және 2-тоқсанда 3,2 есені құрады. Статисткалық агенттіктен хабарлағанындай, үй шаруашылықтарының жан басына шаққандағы орташа ақшалай шығыны республика бойынша тұтастай алғанда үстіміздегі жылдың 1 және 2-тоқсанында тиісінше 6257 және 6199 теңгені құрап, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1-тоқсанда 15,4 процентке, 2-тоқсанда 17,5 процентке өсті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін