Жарияланды: 570

Елімізде 9 облыс аусыл ауруынан таза деп танылды

Елімізде 9 облыс аусыл ауруынан таза деп танылды  Сурет - schalk-nutztiere.com

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру керек. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында жергілікті әкімдіктерге осындай міндет жүктелген, деп хабарлады 24.кз. 

Бүгінде республикалық бюджет есебінен ел аумағында фито-санитарлық және ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса қауіпті зиянкестерге қарсы күрес жүріп жатыр. Тап қазіргі таңда Қазақстанның 9 облысы аусыл ауруынан ада-күде аман деп танылды. Ал Қытай осы өңірлерден сиыр, қой, жылқы етін және бал беретін ара шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға салынған тыйымның күшін жойды. Алмабек Марс, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі комитеті төрағасының міндетін атқарушы: - Қазіргі таңда республикамызда 15 карантиндік нысан тіркелген және 11 аса қауіпті зиянкес тіркелген. Бұл тізім Үкіметтің арнайы қаулысымен бекітілген. 2016 жылы аса қауіпті зиянкестермен 5,2 млн гектар таралған. Соның ішінде шегіртке зиянкесі 1,7 млн гектар болған.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін