Жарияланды: 600

Елімізде алғашқы жарты жылда ауылшаруашылығының жалпы өнімі 5,2 процентке артты

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанда ауылшаруашылығының жалпы өнімі 123,6 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5,2 процент артық.

Бұл туралы ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады. ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне жүгінсек, биылғы жылы арпа-бидай дақылдары мен бұршақ тұқымдас дақылдардың егістік көлемі 13,9 млн. гектарды құрады. Бұл өткен жылғыдан 1,1% кем. Мәселен, жаздық бидай егіні 3,4%-ке, астыққа арналған жүгері егіні 4,3%-ке, жемдік дақылдар 10,4%-ке, бақшалық дақылдар егіні 15,3%-ке, көкөністер егіні 5,1%-ке кеміді. Ал астыққа арналған күнбағыс егу мөлшері 31%-ке, күріш егіні 22%-ке, қант қызылшасы мен мақта егіні 13%-ке, картоп егіні 0,8%-ке артты. 2003-жылдың 1-шілде күнгі жағдайымен республиканың барлық категориялы шаруашылықтарында өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда барлық түлік түрлері мен құстар саны көбейді. Есепті мерзімде ірі қара мал саны 6,9%-ке артып 5629,3 мың басқа, қой мен ешкі саны 5,6%-ке артып 15163,6 мың басқа, жылқы саны 5,5%-ке артып 1216,0 мың басқа, шошқа саны 13,1%-ке артып 1716,9 мың басқа, түйе саны 3%-ке артып 119,9 мыңға, құстар саны 5,7%-ке артып 27849,4 мыңға жетті. 2003-жылдың қаңтар-маусым айларында 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ауылшаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру көлемі де артты : тірі салмағы бойынша мал және құс сою мөлшері 4,6%-ке, сүт өндіру мөлшері 5,5%-ке, жұмыртқа өндіру мөлшері 14,7%-ке, жүн өндіру мөлшері 7,9%-ке артты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть