Елімізде амфетамин, экстази сынды синтетикалық есірткілердің таралуы өршіп тұр - А.Выборов - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде амфетамин, экстази сынды синтетикалық есірткілердің таралуы өршіп тұр - А.Выборов

Елімізде амфетамин, экстази сынды синтетикалық есірткілердің таралуы өршіп тұр - А.Выборов

Қазақстанда синтетикалық есірткілердің тарала бастауы өткір проблемаға айналып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы, полиция генерал-майоры Анатолий Выборов мәлім етті.

  • 26 Маусым 2014
  • 438
Фото - Caravan.kz


А.Выборовтың сөзіне қарағанда, шамамен соңғы 4 жылда есірткі тұтыну көлемінің айтарлықтай төмендегенін байқауға болады. Сонымен қатар есірткі және есірткі заттарын тәркілеу көлемі де артып келеді. Шу алқабынан әзірленетін марихуана мен гашиш сынды есірткілердің таралуы көлемі де төмендеуде.

«Дегенмен, өкінішке орай героин іспеттес есірткілердің заңсыз нарықта белгілі деңгейде тапшы болуы басқа үрдісті өршітіп тұр. Бүгінгі таңда Батыс Еуропадан Ресей Федерациясы аумағы арқылы елімізге жеткізіліп, тарала бастаған синтетикалық есірткілер проблемасы барынша өткір тұр. Олар: амфетамин, экстази, ЛСД сынды заттар», — деді ол.