Елімізде арақ 15 пайызға қымбаттайды
Елімізде наннан бөлек, арақтың да бағасы қымбаттайды! Спирттік өнімдерге акциз көлемі 15 пайызға көтеріледі. Бүгін Мәжіліс Салық туралы заңға Сенат енгізген бес өзгерісті енгізіп, құжатты қабылдады. |
Бірақ, бұл өзгерістің коняк, брэнди, шарап, сыраға қатысы жоқ. Ал, таза араққа салынатын салық 15 пайызға қымбаттайды. Яғни, бұдан-былай жарты литрлік ащы су кемі 550 теңге сатылмақ. Сондай-ақ, елімізде темекіге акциз де Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер: Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстанмен теңестіріледі. Ал, кәсіпкерлер «егер салық өссе, арақ өндірісі құрдымға кетеді» деп акцизді мүлдем қымбаттатпау туралы өтініш жасаған болатын. Алайда, Үкімет бизнесмендердің талабын орындаудан бас тартты.
Серік Оспанов, Мәжіліс депутаты:
-Ресей мен Беларусь Республикасында қабылданғандай алкоголь өніміне салықтың қолданыстағы акциз ставкасын келесі үш жылға өзгеріссіз қалдыру жөнінде түзету депутаттармен енгізілген. Бірақ, ол уақытта Үкімет мұндай шараға баруға дайын болмағандықтан өзінің қорытындысымен мәжіліс депутаттарының бастамасын қолдамады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін