Жарияланды: 400

Елімізде астық жинау науқаны аяқталды

Елімізде егін орағы аяқталды. 14 миллион тонна астық қамбаға жиналған. Алайда, бұл былтырғыдан әлдеқайда төмен көрсеткіш.

Өткен жылы 26 миллион тонна астық жинап, еліміз тұңғыш рет рекорд жасаған еді. Тіпті,маңдай термен өсірілген өнімін элеваторларға өткізе алмай қиналған диқандар, бидайын полиэтилен қаптарға салып, біразы қар астында қалған-ды. Ал биылғы жаз диқандар үшін қуаңшылықпен есте қалып отыр. Ала жаз жаңбыр тамбай, талай астық күйіп кетті. Бұл көрініс әсіресе  Солтүстік және Батыс өңірлердегі шаруаларға тән. Ақтөбе облысында тіпті шыққан астықтың 35 пайызы ғана жиналған. Дегенмен, қуаңшылыққа қарамастан, Ауыл шаруашығы министрлігі биыл ел-жұрт наннан тапшылық көрмейді деп сендіреді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін