Елімізде ауа райы бүгін де құбылмалы болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде ауа райы бүгін де құбылмалы болады

Елімізде ауа райы бүгін де құбылмалы болады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек республиканың батыс,солтүстік-батыс және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың  кей жерлерінде желдің күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл болады.

  • 25 Мамыр 2017
  • 300
Фото - Caravan.kz

"Қазгидромет" бүгінгі ауа райына осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды Caravan.kz.

Солтүстік  Қазақстан облысында  жел 15-20,  кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с болады. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, обылыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшейеді.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының түнде кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана қ
: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан соғады, күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +3+5°С топырақ беткейінде -1-3°С, күндіз +18+15°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты,  күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел 0-5, найзағай кезінде желдің екпіні 8 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +15+17°С, күндіз +27+29°С болады.                       

Соңғы жаңалықтар