Елімізде ауа райы бүгін де құбылмалы болады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде ауа райы бүгін де құбылмалы болады

Елімізде ауа райы бүгін де құбылмалы болады

Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 21маусым күні болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау–консультациясын жария етті.

  • 21 Маусым 2017
  • 191
Фото - Caravan.kz

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  көптеген  аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ болуы ықтимал. Тек республиканың оңтүстікте және батысында жауын-шашынсыз  ауа райы күтіледі.

Бұл туралы "Қазгидромет" ақпаратына сүйеніп, Caravan.kz хабарлады. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы ықтимал.Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.        

Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Оңтүстік Қазақстан,Қарағанды облыстарыныңа кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.

Астана қ
: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан  жел соғады, күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +15+17°С, күндіз +28+30°С болады.                                                                                                       

Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +18+20°С, күндіз +31+33°С болады. 

Соңғы жаңалықтар