Елімізде бағбан қажетсіз боп қалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде бағбан қажетсіз боп қалуы мүмкін

Елімізде бағбан қажетсіз боп қалуы мүмкін

Қызанақ пен қиярды өсіру үшін енді бағбанның қажеті шамалы! Елімізде 96 мың гектар аумаққа заманауи үлгідегі жылыжайлар салынбақ.

  • 6 Мамыр 2015
  • 200
Фото - Caravan.kz

Ондағы автоматтандырылған қондырғылар бағбанның рөлін атқарады екен. Іштегі ауа температурасын қадағалаудан бастап, қажет кезде су құюға да мүмкіндігі бар. Келешекте осындай жаңа жылыжайлардың көмегімен маусым сайын 50 мың тоннадан аса қызанақ пен қияр алу көзделіп отыр. Мемлекеттен бөлінген субсидияға аумағы атшаптырым жылыжайдан бөлек, сүт пен ет шығаратын зауыттар, сондай-ақ құс фабрикасы тұрғызылмақ. Ол үшін Ұлттық қордан 120 миллиард теңге бөлінген.

Дәурен Мақажанов, «ҚазАгро» ұлттық холдингі төрағасының міндетін атқарушы:

-«ҚазАгро» холдингі 219 инвеститциялық жобаны мақұлдап отыр. Оның барлығы ауыл шаруашылығын дамытуға арналған. Қажетті қаржыларын да кәсіпкерлердің қолдарына ұстаттық. Енді олар зауыттар мен фабрикаларды салса, 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.